Бүгін аудан әкімшілігі жанынан құрылған білім мекемелерінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын арнайы мониторингтік топ Щапов, Үлкен Шаған, Көшім және Батурин мектептерін аралап, оқу үрдісінің ұйымдастырылу барысымен танысты. Батурин мектебі толықтай штаттық режимде, басқа мектептерде бастауыш сыныптар штаттық, жоғары сыныптар қашықтан оқытылуда. Бастауыш сыныптарда сатылы сабақ кестесі енгізілген. Оқушылар мектеп ғимаратына белгіленген блоктар арқылы кіргізіліп, арақашықтық қатаң сақталуда. Әр оқушының күнделікті дене қызулары өлшеніп, арнайы журнал жүргізілуде. Мектептерде коронавирустың белгілері және одан сақтану тәсілдері туралы ақпараттық бұрыштама жасақталған. Мектептер бетперде термометр, антисептик, сұйық сабын, залалсыздандыру кілемшелерімен қамтылған.
Мониторингтік топ жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев санитарлық талаптардың қатаң сақталуын, балалардың сапалы білім алуы үшін отбасында да сақтық шараларының болуын ескертті.