«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ – РЕСПУБЛИКА АРМАНЫ!»

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ – РЕСПУБЛИКА АРМАНЫ!»
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ – РЕСПУБЛИКА АРМАНЫ!»
Бәйтеректе Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті
Бәйтерек ауданында Республика күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – Республика арманы!» атты салтанатты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік жиынның шымылдығы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжановтың құттықтау сөзімен ашылды. Аудан басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен шын жүректен құттықтап, егемен еліміздің даму жолындағы бірлік пен еңбектің маңыздылығын атап өтті.
— «Республика күні – тәуелсіздіктің бастауы, халықтың азаттық рухының символы. Бұл күн – елдің бірлігі мен мемлекеттілігін нығайтқан тарихи сәтті еске алатын маңызды мереке. Әр азаматтың ел дамуына қосқан еңбегі – Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасы», – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Мерекелік концерт барысында ауданның өнер ұжымдары мен талантты жастары өнер көрсетті. Көрермендерге әсерлі әндер мен би нөмірлері ұсынылды.