Қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәртібі, мерзімі және қолжетімді арналарымен таныстыру
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтарға сапалы қызмет көрсету — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын цифрландыру және оны халыққа барынша қолжетімді ету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Сондықтан қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәртібі, мерзімі және қолжетімді арналарымен таныстыру, сондай-ақ бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін заңмен реттелген іс-әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданына қарасты бөлімдер және округтермен 50-ден астам қызмет түрі бар, олардың басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді.
Мемлекеттік қызметті алу тәртібі оңтайландырылып, азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасалған.
Қызметті алу үшін:
Қажетті қызмет түрін таңдау қажет (мысалы, eGov.kz немесе ХҚКО арқылы);
Қажетті құжаттар тізімін дайындау;
Өтінішті электрондық немесе қағаз түрінде тапсыру;
Қызмет нәтижесін белгіленген мерзім ішінде алу.
Көптеген қызметтер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік SMS-құпиясөз арқылы расталады. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді.
Әрбір мемлекеттік қызметтің өз стандарты мен мерзімі бар.
Мысалы:
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 10 жұмыс күні
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу- бірінші кезең:– 12 (он екі) жұмыс күні ішінде; ал екінші кезең: - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Бұл мерзімдердің сақталуы мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, қызмет сапасын жақсартады.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірнеше ыңғайлы арна қарастырылған:
🏢 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО бөлімдері – офлайн қызмет көрсету орны;
💻 Электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) – онлайн қызметтер алу мүмкіндігі;
Мемлекеттік орган тарапынан:
Қызмет көрсету тек уәкілетті органның құзыретінде болуы тиіс;
Қызмет көрсету нормативтік құқықтық актіде белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылуы керек;
Барлық өтінімдер тең дәрежеде қаралуы тиіс (дискриминациясыз);
Азаматтан артық немесе заңда көзделмеген құжаттарды сұрауға тыйым салынады;
Құпиялық және дербес деректердің қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс;
Қызмет көрсету ақылы болса, төлем тек заңмен белгіленген негізде алынады.
Қызмет алушы тарапынан:
Қызмет алушы өз тарапынан кез келген мемлекеттік қызмет алу кезінде құжаттарының мерзімдеріне қатаң көңіл бөлуы қажет. Мысалы жер телімін ұзарту бойынша көп жағдайда жер беру туралы шешімнің мерзімі өтіп кеткені байқалады. Сол себептен қызмет алушы тараптан барлық қызметтер уақытылы кешіктірілмей берілуі қажет.
Заң бұзылған жағдайда
Егер мемлекеттік орган:
мерзімді бұзса,
негізсіз бас тартса,
қосымша құжаттар талап етсе,
немесе қызмет сапасыз көрсетілсе,
Онда азамат шағым беруге құқылы:
Тиісті жоғары тұрған мемлекеттік органға;
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне;
Немесе Әкімшілік сотқа (ӘРПК-нің 91–100 баптары бойынша).
Шағым электронды түрде eOtinish.kz порталы арқылы да беріледі.
Қорытындылай келе, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – халық пен мемлекетті байланыстыратын маңызды құрал.
Қызмет алушыларды олардың түрлері, алу тәртібі, мерзімі және қолжетімді арналары жөнінде тұрақты түрде ақпараттандыру – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.