3 қазан күні Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – татулық туы!» мерекелік фестивалі өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін кеңінен насихаттау болды.
Мерекелік кешке Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Галиев Ерлан, тіл жанашырлары, ұстаздар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Кештің шымылдығы «Шың» драма театры дайындаған поэзиялық композициямен ашылды.
Кеш барысында үлгілі «Нұр-ай» би ансамблі қазақ және ұйғыр билерін тамаша орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ Мейірбек Жанболат пен Айдана Ажғалиева «Туған жер», ал халықтық «Серілер» квинтеті «Батырлар рухы» және «Қазақстан» әндерін шырқады.
Шара барысында аудан көлемінде мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Шара көрермендерге рухани серпін мен жақсы көңіл-күй сыйлап, өз мәресіне жетті.