«Мен ішпеген у бар ма?» реквиімінен үзінді сахналады.

«Мен ішпеген у бар ма?» реквиімінен үзінді сахналады.

Ағымдағы жылдың 2 қазан күні Бәйтерек ауданы Переметный аудан орталығы аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Бәйтерек таланттары» жастар театры халықтық «Шежіре» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблімен бірлесе ақын-драматург  Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиімінен үзінді сахналады. Қойылымның бас режиссері жас талант Әліби Жанабілов. Қойылымда Абай арқылы сол заманның қиыншылығы мен әділет жолындағы күрес көрсетілді. Жауапкершілік пен міндетті, азаматтық парызды арқалаған әр жас актер  өздеріне тиесілі рөлдерді жоғары деңгейде сомдап шықты.  

Қойылым соңында аудан әкімі М.Тоқжанов жастар театрына алғыс хат табыстады. Қойылымды көруге арнайы келген  облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов жас таланттарға алғысын білдірді.Театр шаңырағы көтерілгеніне 1 жыл болса да, аз уақыт ішінде аудан халқына Әліби Жанабіловтің «Жалғанған үміт» және «Жаңғырық» трагедиялық  спектакльдері ұсынылды.  Бүгінгі таңда көрерменді көзайым қылу үшін театр ұжымы аянбай еңбек етуде. Елімізде болып жатқан карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптар сақталды. Көрермен саны шектеулі болғандықтан қойылым  екі күнге жалғасты.