Аудандық отбасылық «Жұбан оқулары» байқауы онлайн түрде оздырылды

Аудандық отбасылық «Жұбан оқулары» байқауы онлайн түрде оздырылды

7 қазан күні Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  «Бәйтерек» мәдени-ағарту және тынығу орталығында қазақтың көрнекті ақыны қоғам қайраткері, халық  жазушысы Ж.Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жұбан деп жырлайды жүрегіміз»  атты  аудандық отбасылық «Жұбан оқулары» байқауы онлайн түрде оздырылып, сәрсенбіде қортындыланды. Байқауға ауданымыздың әр өңірінен отбасылар сайысқа түсіп бақ сынасты. Шара барысында  Бәйтерек ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы Жеңісгүл Жанабаева сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді. Байқау «Тыңда мені жүрекпен» (ақынның өлеңдерін отбасы мүшелерімен түгел мәнерлеп жатқа оқу); «Ән жырым бар бабалар хаттарындай»  (ақынның сөзіне жазылған әндерін орындау); «Жомарт жүректің жалыны» (ақын туралы эссе немесе өздері шығарған төл туындыларын ұсына алады) сынды шарттардан тұрды. Шара барысында «Халқынан шапағатын аямаған, Жұбағаң қайсар қазақ аяулы адам»  атты кітап көрмесі жасақталып,  кітапханашы Тастайбек Назерке таныстырды. Сонан соң Николай Новеньковтің сүйемелдеуімен,  «Жеңіс» кинотеатрінің басшысы Қасымов Жеңіс «Еділ мен Жайық» әнін әуелете шырқады.  Байқау нәтижесінде «Бас жүлде» Чувашка ауылдық кітапханасы оқырмандары Қуаншалиевтер отбасына бұйырды. І орын Зеленый ауылдық балалар кітапханасы оқырмандары(кітапханашысы Л.Мизанбаева) Айсағалиевтер отбасы, ІІ орын  «Бәйтерек» мәдени-ағарту және тынығу орталығының оқырмандары (кітапханашы Қ.Кенжегалиева) Сақтайлар отбасы, ІІ орын  Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасы оқырмандары (кітапханашы Л.Саманюк) Шаймардановтар отбасы, ІІІ орын Новенький ауылдық кітапханасының оқырмандары Анаисовтар отбасы, ІІІ орын Рубежка ауылдық кітапханасының оқырмандары Аухатовтар отбасы, ІІІ орын Новенький ауылдық кітапханасының оқырмандары  Есетовтар отбасы иеленсе, Өркен ауылдық кітапханасының оқырмандары Туржановтар отбасы және Белес ауылдық кітапханасының оқырмандары Жақсылықтар отбасы байқауға қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Кеш Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Дәулет Тұрсынғалиұлының ақын сөзіне жазылған «Сүйем мен» әнін шырқаумен тәмәмдалды.