Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылына аудан үлкен дайындықпен келді.
Бәйтерек ауданы бойынша 2025-2026 оқу жылын 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп, 8 мемлекеттік және 15 жеке балабақша, 4 қосымша білім беру орталықтарымен бастайды.
2025-2026 оқу жылының 1-сыныбына 1034 бала қабылданды. (Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарға – 584, орыс тілінде – 447). Биыл жалпы оқушы саны - 9253 баланы құрайды. Алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балғындарға ақ жол тілейміз.
Аудан мектептерінде 1741 педагог жұмыс жасайды.
Жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8 млн қаражат бөлініп, мектептер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» деп бекер айтпаған дана халқымыз.
Білім ˗ адамзаттың көрсеткіші, айнасы. «Мен де болашақта өз елімнің өркендеуіне, дамуына білімімді жұмсауға талпынатын боламын» деген жас өрендеріміздің талаптарына нұр жауып, зейіндері ашылсын дейміз.
Білім күні құтты болсын!
Құрметпен,
Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов