Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы» КММ азаматтық қызмет бойынша бос лауазымдық жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
1.1.Январцев ауылдық округі, Январцев ауылында – 0,25 бірлік;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық); техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық,) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты бар болуы, жұмыс өтілі талап қойылмайды.
2.1 Байқоныс ауылдық округі, Володарское ауылында – 1,0 бірлік;
2.2 Макаров ауылдық округі, Мирное ауылында – 0,5 бірлік;
2.3 Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылында – 1,0 бірлік;
2.4 Махамбет ауылдық округі, Павлов ауылында – 0,25 бірлік;
2.5 Рубежин ауылдық округі, Рубежин ауылында – 1,0 бірлік;
2.6 Зеленый ауылдық округі, Зеленый ауылында – 1,0 бірлік;
2.7 Шалғай ауылдық округі, Шалғай ауылында – 1,0 бірлік.
2.8 Январцев ауылдық округі, Чинарев ауылы – 0,25 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық); техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты бар болуы, жұмыс өтілі талап қойылмайды.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілік талаптары:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар, хабарлама жарияланған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 090600, БҚО, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, № 82 Б.
Анықтама үшін телефон: 8(71130) 22-366, t.duschanov@bko.gov.kz