2025 жылғы 6–16 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Руханият» мәдени-туристік жобасы аясында "Әдіскер" клубының мүшелері, қалалық, аудандық мәдениет мекемелерінің әдіскер мамандары Астана – Семей – Бурабай бағытында киелі орындардың мәдени-тарихи құндылықтарымен танысып, шығармашылық әлеуетін арттыруға жолға шықты.