ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті Бәйтерек аудандарының тұрғындары!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!  Құрметті Бәйтерек аудандарының тұрғындары!

Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сіздерге Бәйтерек ауданы бойынша жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Инватакси қызметтері ұсынылатынын хабарлайды.

Аталған қызметті төмендегі санаттағы адамдар ала алады:

  • Арбадағы мүгедектігі бар адамдар;
  • Тірек қимыл аппараты бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • Гемодиализ аппаратын пайдаланатын І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар;
  • І топтағы мүгедектігі бар балалар;
  • 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар;

 

Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:

  • Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
  • Оқу орны;
  • Жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
  • Сот, прокуратура;
  • Әлеуметтік сала объектілері;
  • Заңгерлік мекемелер;
  • Нотариус;
  • Медициналық мекемелер (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда)
  • Әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
  • Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;

Бәйтерек ауданы бойынша «Орал» КҚ және «Арба» ҚБ инватакси қызметін көрсетеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8-711-30-22-881 хабарласуларыңыз сұралады.