Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді ұлттық мәдениетіміздің айшықты символы — Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – халқымыздың сан ғасырлық тарихын, рухани болмысын, елдік келбетін айғақтайтын асыл мұра. Қос ішектен төгілген күй мен әуенде ата-бабаларымыздың аманаты, даламыздың үні, жүрек тебірентер терең сыр жатыр.
Бұл күн – қазақ халқының рухын көтеріп, ұлтымыздың төл өнерін дәріптейтін мереке. Домбыра үні әрдайым бірлігіміз бен тұтастығымыздың белгісіндей болып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани байлық дарыта берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге береке тілеймін.
Ұлттық өнеріміз ұлықталып, домбыра үні әрдайым асқақтай берсін!
Ізгі ниетпен,
Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов