«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалы хабарлайды: 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап кезекші кесте бойынша Орал қаласының Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО жұмыс істейді.
Ал Орал қаласының Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз қабылдайды, ал сенбі күні – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайы өзгеріссіз қалады: Жәңгір хан көшесі, 160. Жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дайын құжаттарды беруді 9:00-20:00 аралығында, ал сенбі күні азаматтарды қабылдау – 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжат беруді 9:00-13:00 аралығында жүргізеді.