Ауылдық округке жаңа әкім тағайындалды. Бұл жауапты қызметке ұзақ жылдар білім саласында еңбек етіп, ауыл өміріне етене таныс Абылай Есмақов кірісті.
Жаңадан сайланған әкімді округ активіне аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ғалиев арнайы таныстырып, жаңа бастамалар мен нәтижелі істерге сәттілік тіледі.
Рәсім барысында әкімдік куәлігі ресми түрде табысталып, округ тұрғындары жаңадан тағайындалған басшыға сенім білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Абылай Салықұлы – тәжірибелі педагог, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ауыл тынысын терең түсінетін маман. Жерлестері оны іскер басшы, жауапкершілігі мол азамат ретінде жақсы таниды.
Халық сенімімен басталған жаңа кезең ауылдың өркендеуіне жол ашады деп сенеміз!