Чиров ауылдық округіне әкім тағайындалды

Чиров ауылдық округіне әкім тағайындалды
22 маусым күні өткен сайлау нәтижесінде Чиров ауылдық округіне Николай Штык әкім болып тағайындалды. Арнайы өткен жиында округ басшысын таныстыру рәсімі ұйымдастырылып, ҚР Орталық сайлау комиссиясының куәлігі табысталды.
📄 Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов сайлау нәтижелерін жариялап, заңды тәртіппен өткен саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
🤝 Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ғалиев жаңа әкімге сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өтті.
– Бұл сайлау ауыл тұрғындарының азаматтық ұстанымының айқын көрінісі болды. Ел сенім артқан әкімнің алда тұрған міндеттерді абыроймен атқаратынына сенеміз, – деді Ерлан Ерсайынұлы.
🌿 Жиын соңында ауыл тұрғындары әкімге зор сенім артып, ортақ іске жұмыла жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.