Бәйтерек ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай спорттың 7 түрінен ауқымды спартакиада өтті. БЖСМ Спорт кешенінде ұйымдастырылған додаға округтерден 6 команда қатысты: «Жайық», «Найзағай», «Сұңқар», «Адал жол», «Бірлік», «Бәйтерек».
Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби қызметінде ғана емес, спорттық жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетіп, жан-жақты екендерін дәлелдеді.