Мәселен, Январцев ауылында саяси науқанның лебі ерекше сезіледі. Ауылдық клуб бүгін жай ғана өнер ошағы емес, халықтың даусы ауыл келешегін айқындайтын маңызды орынға айналған. Дәл осы жерде орналасқан №184 сайлау учаскесіне таңмен таласа ауыл тұрғындары келе бастады. Бұл учаскеде 23-і – өз өтініштерімен үйден дауыс беруге ниет білдірген. Үйден дауыс беру сағат 12.00-ден кейін басталады.
Солардың бірі ең жасы үлкен – 01.01.1927 жылы туған Қайнош Жұмагелдіұлы.
Ел тарихын көзімен көрген қарияның дауысы – елдің жарқын болашағына берілген ақ батамен пара-пар.
Зеленов, Чиров ауылдық округтерінде де сайлау қалыпты және ұйымшыл түрде өтуде. Әрбір сайлау учаскесінде -тәртіп, бақылау және әділдік бар. Ең бастысы -халық сенімі сезіледі.