Бүгін, 22 маусым күні Бәйтерек ауданына қарасты Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтіп жатыр.
Сайлау учаскелері таңғы 06:00-де жұмысын бастап, Мемлекеттік Гимн ойнағаннан кейін аталған округтерде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-де басталды.
Зеленов ауылдық округі – 162 сайлау учаскесі
Январцев ауылдық округі – 183, 184, 185, 186 сайлау учаскелері
Чиров ауылдық округі – 190 сайлау учаскесі
Әр сайлау учаскесінде алғашқы келген белсенді сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталуда. Бұл – азаматтық белсенділікке деген ерекше құрмет!
Өз ауылыңның болашағыңа бейжай қарамай, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңды жаса!