Ағымдағы жылдың 20 маусымында ұлағатты ұстаз, бар саналы ғұмырын білім мен бала тәрбиелеу ісіне арнаған Валентина Семеновна Леонтьева 70 жасқа толды. Аудан әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов мерейтой иесін арнайы қабылдап, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Марат Тоқжанов құттықтау сөзінде:
"Сіз сияқты адал еңбек етіп, бірнеше буынға білім мен тәрбие берген тұлғалар – біздің қоғамның алтын қазынасы. Еңбегіңіз ерен, үлгіңіз ұлағат. Жастар сізден тәлім алып, өнеге көруі тиіс. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!" – деп жүрекжарды лебізін білдірді.