Аудан әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов жұмыс сапары аясында Чувашин, Садовый және Жалын ауылдарындағы су құбыры құрылысын жеке назарда ұстап, нысандарды аралап шықты.
Су құбыры – елді мекендердің басты қажеттіліктерінің бірі. Осы орайда аудан басшысы жауапты мамандарға әрбір тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі керек деген нақты міндет жүктеді.
Чувашин ауылында су құбыры құрылысы маусым айының басында басталған. Ұзындығы – 7356 метр.
Садовый және Жалын ауылдарында да жобалар жүйелі жүргізілуде. Қазіргі уақытта тиісті техникалар тартылып, жұмыс кезең-кезеңімен орындалуда.
Айта кетейік, аталған үш ауылдық округтегі тұрғындар саны – 1506 адам. Жобаның негізгі мақсаты – осы тұрғындардың барлығын таза, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімдіктері мен құрылысқа жауапты мекеме өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат беріп, нысандардағы құрылыс сапасы әкімнің қатаң бақылауында екені айтылды.
Мұндай іссапарлар инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.