Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2023 жылғы 27 қыркүйектегі Бәйтерек аудандық мәслихаты сессиясының №8-8 шешімімен "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары" бекітілгені туралы хабарлайды. Осы Қағидаларға сәйкес аудандық бюджеттен азаматтардың келесі санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;
2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, табысын есепке алмай, ай сайын;
3) емделудің амбулаторлық кезеңіндегі қатерлі ісіктің 1, 2, 3 және 4 сатысындағы ауруы бар адамдарға ауруды растайтын анықтамаға сәйкес, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар адамдарға анықтамаға сәйкес, "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының анықтамасына сәйкес, дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары ауруы бар адамдарға табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде емделуге, табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
5) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, табыстарын есепке алмай 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
6) Батыс Қазақстан облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет (пробация қызметінің есебінде тұрған кезеңнің барлығына) (босатылғаннан немесе пробация қызметінің есебіне қойылғаннан кейін 6 ай мерзімде жолыққанда);
8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) осы жағдай туындаған кезден бастап 6 ай ішінде, табыстарын есепке алмай 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;
9) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, біржолғы, санаторийлік-курорттық емделуге;
10) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік -курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайтын нақты шығындар мөлшерінде санаторийлік - курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген, заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды коспағанда) бірге алып жүруші адамдарға, олардың санаторийлік -курорттық ұйымда болу құнын өтеуге, бір рет.
Жеке көмекшілер, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылатын адамдар, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жұбайы немесе зайыбы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүруші бола алады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Сіз "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына" сәйкес барлық қажетті құжаттарды: өтінішті, жеке басын куәландыратын құжатты, учаскелік комиссияның қорытындысын, адамның (отбасының) қиын өмірлік жағдайдық басталуына байланысты мұқтаждығын айқындау үшін тексеру актісімен, өмірлік қиын жағдай туралы акт, банк деректемелерімен жүгінуге және ұсынуға құқығыңыз бар. Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз қажет.
Барлық сұрақтар бойынша 8-711-30-22-881 хабарласуларыңыз сұралады.