Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарламасы

2021 жылдың 14 шілдеде сағат 18.00-де Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеуі аяқталды.

2021 жылдың  26 маусымнан 2021 жылдың 9 шілдеге аралығында ұсыну қорытындысы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясына саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкіміне кандидат болу үшін 12 ұсыну өтініштері келіп түсті.12 ұсынушылардың 9-ы ауылдық округтері әкіміне кандидат болып тіркелді, олар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, құжаттардың толық тізбесін ұсынып, тиісті мемлекеттік органдардың тексеруінен өтті. 2021 жылдың 14 шілде күні сағат 18.00-ге дейін 3 ұсынушы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шотына өз сайлау жарналарын аудармағандықтан, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, оларды ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.

Осылайша тіркеудің қорытындысы бойынша Зеленов ауылдық округінің әкімдігіне 3 кандидат тіркелді: "Nur Otan" партиясынан – 1 кандидат Давлетов І.С., "ADAL" саяси партиясынан – 1 кандидат Айсағалиев М.К. және  өзін-өзі ұсынушыдан 1 кандидат Төрешов М.Б.

Чиров ауылдық округінің әкімдігіне 3 кандидат тіркелді: "Nur Otan" саяси партиясынан - 1 кандидат Штык Н.П.  және өзін-өзі ұсынушыдан -  2 кандидат Ерболатов Б.Х пен Қонашев Н.А.

Январцев ауылдық округінің әкімдігіне 3 кандидат тіркелді: "Nur Otan" саяси партиясынан-1 кандидат Жұмағалиев А.Е.  және өзін-өзі ұсынғандардан - 2 кандидат Үмбеткалиев Ф.М пен Жолжанов Ғ.О.

Дата публикации
14 июля 2021
Дата обновления
14 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Журналдар
15 декабря 2025
Citizensec және ҚР ЖИжИДМ журналы
Журналдар
15 декабря 2025
Балаларға арналған cyber Kraft журналы
Пайдалы ақпарат
15 декабря 2025
Алаяқтарға кодты айтып қойған болсаңыз, не істеу керек?

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты