Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 2 наурызда Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сұлу көл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 321 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 205 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 1. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Койшибаев Жасулан Чарлизулы – 161 (80,10%);
Куйшбаев Мейрам Жантемирович – 28 (13,93%);
Оразова Гулнур Силыбаевна – 12 (5,97%).
Сұлу көл ауылдық округінің әкімі болып Койшибаев Жасулан Чарлизулы сайланды, 1981 жылы туған, Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы