Бәйтерек ауданының мәслихат депутатын сайлау бойынша №2 округтік сайлау комиссиясының аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-1-бабының 6)-тармақшасына және 104-бабының 6-1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Бәйтерек аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша №2 округтік сайлау комиссиясы 2024 жылдың 1 қарашасында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркелгенін хабарлайды:
- Насырова Динара Жексенқызы – 2001 жылы туған, Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы, Бәйтерек ауданының Переметный ауылында тұрады.
- Сакенов Нұрлыбай Жұбанышұлы – 1997 жылы туған, Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бәйтерек» спорт клубының әдіскері, Бәйтерек ауданының Калинин ауылында тұрады.
- Кужумов Ерлан Муратович – 1993 жылы туған, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - «ГП Ақтөбе бөлімшесі» филиалының Белес станциясының бастығы, Бәйтерек ауданының Переметный ауылында тұрады.
Комиссия төрағасы В.Харькин
Комиссия хатшысы Т.Молтуганов