БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Переметный ауылы                            №15                  2023 жылғы  5 шілде

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бәйтерек ауданының Достық ауылдық

округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы

13 тамызға тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                        Р.Ихласов

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                       Г.Ғұбашева

Дата публикации
05 июля 2023