Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсыну қорытындысы туралы хабарламасы
2022 жылдың 28 қаңтар күні сағат 18.00-де Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттардың құжаттарының ұсынуы аяқталды.
2022 жылдың 15 қаңтарынан 28 қаңтар аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына әкімдікке кандидат ұсыну үшін - 4 өтініш келіп түсті, оның ішінде 4-де өзін–өзі ұсынушылар.
Ұсынылған кандидаттардың - 3 (75%) –мемлекеттік қызметшілер, 1 (25%) – уақытша жұмыссыз.
Кандидаттардың орта жасы - 47 жас, ең жас кандидат - 34 жаста, ең жасы үлкен кандидат - 59 жаста.
2 (50%) кандидат – Орал қаласында, 2 (50%) кандидат –ауданда тұрады.