БЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Есенғалиева Нұрсәуле Әуелбекызы, 1991 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
  3. Мұхтаров Мәулет Насиболлаұлы, 1984 жылы туған, Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 июня 2026