АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫБӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Бисекешова Гүлсім Төлегенқызы, 1974 жылы туған, Бәйтерек ауданының «Янайкин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Қайырлиев Мерет Бақтығалиұлы, 1977 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Омаров Асылбек Нұрлыбекұлы, 1983 жылы туған, «Бәйтерек ауданы мемлекеттік сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 июня 2026