Масленица мейрамы аталып өтті!

Масленица мейрамы аталып өтті!
Бүгін, Шалғай ауылында Масленица мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Мереке барысында ауыл тұрғындары мен қонақтары әр түрлі ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламаларды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен бірлік пен ынтымақты сезінді.
Шара аясында дәмді құймақтар ұсынылып, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Мереке ауыл тұрғындарына жақсы әсер қалдырып, көктемді қарсы алудың жарқын көрінісіне айналды.