Мерейтой иесін құттықтады!
Шалғай ауылдық округінің тұрғыны, ардақты ана, қадірлі әже Истамгазиева Гульсасан Зайнутдиновна 90 жасқа толып отыр!
Осы қуанышты күні мерейтой иесін шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз. Сіздің өмір жолыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Мерейтой иесін ауылдық округ әкімі Н.Конашев құттықтап, естелік сыйлық табыстады.