Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының 25-күні Шалғай ауылында Шалғай ауылдық округінің әкімі Н.Конашев, учаскелік полиция инспекторы Е.Кожимбетовпен бірге “Таза Қазақстан“ акциясы аясында ауылды абаттандыру және көркейту ережелерінің, бұзу, яғни Қазақстан
Республикасының әкімшілік кұқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабының талаптарын бұзғаны үшін ауыл тұрғындарына ескерту жұмыстары жүргізіліп, хабарламалар берілді.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы жануарларын (соның ішінде сиыр, жылқы, қой және т.б.) ұстау қағидаларына сәйкес, мал жаю тек қана табынмен жүргізілуі тиіс. Елді мекендер аумағында иесіз жүрген мал анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес 3-тен 10 АЕК-ке дейін (11 796 – 39 320 теңге) әкімшілік айыппұл түріндегі шаралар қолданылатыны туралы ескертіліп, хабарлама берілді.