Шалғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

Шалғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

Шалғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

📍7 қыркүйек күні өткен сайлау нәтижесінде Шалғай ауылдық округінің әкімі болып Нұрсұлтан Әлібекұлы Қонашев сайланды.

📌Ауылдық округ активімен кездесуде аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ахметжанов пен Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Р.Ихласов жаңадан сайланған әкімді таныстырып, куәлік табыстады.

📌Жиын барысында Болатбек Аманжолұлы қоғамдық- саяси науқанда белсенділік танытқан тұлғаларға алғыс білдіріп, ел сенімін абыроймен ақтаудың маңыздылығын атап өтті.

📌Ауыл тұрғындары қайта сайланған әкімге сәттілік тілеп, алдағы жұмысына қолдау білдірді. Ел ағалары мен ақсақалдар Нұрсұлтан Әлібекұлына ауылды дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

✅Сайланған әкімге жауапты қызметінде табыс тілейміз!

#Шалғай Ауылдық округі
#Әкім Сайлауы
#ЖергіліктіБасқару
#АуылДамуы
#БәйтерекАуданы