Поздравление Государственных служащих

Поздравление Государственных служащих

                                         ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ - МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ! 

             Құрметті мемлекеттік қызмет саласы ардагерлері мен қызметкерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
 Мемлекеттік қызмет атқару - абыройлы міндет, бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Бүгінгі қоғамда мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген.
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең, білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді.
 
Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліктері мен біліктіліктеріне сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда парыз болмақ.
Мемлекетіміздің, әл-ауқатын арттыру және оның болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы мемлекеттік кызметшінің алар орны мен рөлі зор.
 
Осыған орай, тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін! 
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік пен абырой тілеймін! 
 
Ізгі ниетпен, Мичурин ауылдық округі әкімі - Максим Мусалимов.