Казахстанцы предпочитают получать электронные талоны очереди в ЦОН
Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде - 12 жарым мыңнан астам.
Айта кетейік, кезектің электрондық талонын "ХҚКО" қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, Қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.
"Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер қызмет тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытына келуге болады. Бұл жағдайда ресепшндегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар, талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз", - деді Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электрондық талондарды жиі қолданатын үш ХҚКО Алматы қаласының Медеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағанды қаласының Чкалов көшесінде орналасқан.
2024 жылы "Азаматтарға арналған үкімет "ХҚКО" мобильдік қосымшасын пайдалану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін өзгертуге ниетті. Қазір қосымшаның негізгі функциялары - кезекті электрондық брондау және ХҚКО операторының бейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету.