16 маусым күні Мичурин ауылдық округінің Октябрьское ауылында Құрбан айт мерекесі тойланды.
Ауыл халқы өз еріктерімен дайындық жасап, ақ дастархан жайылып мереке ұйымдастырды. Жиналған қауым қазақ елінің ұлттық ойындарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жиында әкім орынбасары - Зейнолла Ғайноллаұлы құттықтау сөз айтып жеңімпаздарды марапаттады.
Құрбан Айт - қоғамдағы достық пен келісімді арттыратын бірлік пен ынтымақ мерекесі. Қасиетті бұл күні дұғалар қабыл болсын!