21 сәуір "Таза Қазақстан”республикалық экологиялық акциясы аясында Егіндібұлақ ауылдық округінде ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Бұл игі іске ауылдық округке қарасты әкімшілік, мектеп, ауылдық клуб, медициналық пункт және кітапхана мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысты. Жалпы саны 25-тен астам адам табиғат жанашыры ретінде бірлесіп ат салысты. Экологиялық акция барысында 250 түп ағаш көшеті ауылдың кіреберісіне отырғызылды. Ағаш отырғызылғаннан кейін су құып, айналасы қоршалды.
Бұл — табиғатқа жанашырлық танытып, ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты қадам.
Шараның басты мақсаты — табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көгалдандыру,
Табиғатты аялау — әр азаматтың парызы. Осындай игі істер жалғасын таба берсін!