Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Биыл елде саланың жай-күйі туралы маңызды деректер беретін ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады.
Санақтың мақсаты – экономиканың аграрлық секторының дамуын болжау мақсатында ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу.Жиналған деректер ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеуге, іріктемелік бақылаулар мен бір реттік есепке алуды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңартуға қызмет етеді.Санақтан алынған мәліметтер ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылатынын атап өткен жөн.Санақ жүргізіледі:заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін онлайн режимінде 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін жеке қосалқы шаруашылықтар үшін – 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында планшеттерді қолдану арқылы сауалнама әдісіменАуыл шаруашылығы тауар өндірушілерін атсалысуға шақырамыз, жалпы саланың болашағы сіздерге байланысты!