ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен берекенің жарқын символы!
Мерекелік шараға ауыл әкімі Б.Жунусова құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесіне орай өткен жас ерекшелігі 35 жастан жоғары батагөй аға буын, ақсақалдар арасында Республикалық батагөйлер байқауына Белес а/о Ақжол ауылы тұрғыны зейнеткер Алипов Мамай Дүйсенғалиұлы және Белес ауылының тұрғыны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Егізбаев Жасұлан Ермекқалиұлы қатысқаны үшін Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжановтың атынан алғыс хат марапатын табыстады.
Сонымен қатар, қазақ күресі, қой көтеру, қошақан көтеру, арқан тарту секілді Ұлттық ойындар ойнатылды.
«Қазақ күресі -80 кг салмақта» жарысы келесі нәтижемен аяқталды:
1 орын – Усенов Адилбек
2 орын – Мәди Алихан
3 орын -Пазл Еламан
«Қазақ күресі +80 кг салмақта» жарысы келесі нәтижемен аяқталды:
1 орын –Байзенов Шерхан
2 орын – Уразгалиев Арсен
3 орын -Бигишанов Аян
«Қой көтеру» нәтижесі бойынша
Жеңімпаз – Измағанбетов Нұрлан
«Қошақан көтеру» нәтижесі бойынша
Жеңімпаз-Құдайберген Дәулет
“Арқан тарту ” нәтижесі бойынша
1 орын –М. Өтемісов көшесі
2 орын – Жастар тобы
3 орын-Оқушылар тобы
Жеңімпаздар ақшалай, қой және қошақан сыйларға ие болды.
Жеңімпаздарға демеушілік көрсеткен «Ливкино» ЖШС басшысы М.Марченко, «Gip Agro» ЖШС басшысы И.Гапченко, ИП Байдырахманова және де Ұлттық тағамдарға «Аслан» дүкені (Муканова Т),«Амангелді» ш/қ Имагамбетов А кәсіпкерлеріне алғысымызды білдіреміз!
Көктемнің шуағымен келген Наурыз әр шаңыраққа береке, ырыс пен молшылық алып келсін!