Белес ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бәйтерек ауданының 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында ауданаралық қазақ күресінен турнир өтті. Турнирге Чувашка мектебі, Болашақ мектебі,Рубежка мектебі,Камен мектебі,Үлкен Шаған мектебі,Белес мектебінен оқушылар қатысты. Жүлделі орын алған спортшылар медальдармен мақтау қағаздарымен марапатталды.