Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы
2024 жылдың 22 науырызы күні Белес ауылдық округінде мерекелік шара ұйымдастырылды.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ауылдық округ орталығында киіз үй тігілді, алтыбақан орнатылды, қазанында қуырдағы мен бауырсағы пісіріліп, дәмді көжесі халыққа тегін таратылды, оған қоса сауда—саттық (ет, айран, қаймақ, тары —талқан, құрт, жент) ұйымдастырылды.
Мерекелік концертте шырқалған халық әндері, әсем билер ұлттық спорттық ойындармен ( қой көтеру, арқан тартыс, қазақша күрес, аударыспақ, ләңгі тебу) жалғасын тапты.
Жеңімаздар ақшалай сыйлықпен, медальмен марапатталды.
Бүгінгі Наурыз мерекесінің өтуіне ат салысып, демеушілік білдірген "Арыстанов" ш/қ басшысы Ә.Ж. Арыстановқа, ауыл азаматтарына ауыл тұрғындары атынан шексіз алғыс айтамыз.