"Сейсмикалық дайындық – ең маңызды іс-шаралардың бірі"

"Сейсмикалық дайындық – ең маңызды іс-шаралардың бірі"

"Сейсмикалық дайындық – ең маңызды іс-шаралардың бірі".  "Сейсмотренировки -это одно из важнейших мероприятий". 23 ақпан күні, мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Н.Ж.Қодаров мектептің барлық білім алушылары мен мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығулар өткізген болатын. Аталмыш шараның мақсаты- адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау. Мектеп бойынша дабыл қосылып, дабыл аясында мектеп оқушылары, мектеп ұжымы ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге жиналғаннан кейін сейсмикалық жаттығулар туралы презентациялық материал көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүзеге асқан болатын. Сондай - ақ, қатысушыларға «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» жадынамалары таратылып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.