Ауған ардагерлеріне тағзым

Ауған ардагерлеріне тағзым

Атамекен ауылдық клубында Ілияс Есенберлин атындағы Жббом және мәдениет, кітапхана қызметкерлерімен бірігіп, ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған "Ауған ардагерлеріне тағзым" атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге ауған ардагерлері Гадилча Жанчанович Маметанов, Серик Мулдагалиевич Джарасов, Иван Геннадьевич Грецкий, Владимир Викторович Мельченко қатысып оқушыларға бейбіт өмірдің маңыздылығы, туған жерге қызмет ету, Отанды қорғау -басты міндет екендігін айтты. Экраннан Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп, мәдениет кызметкерлері "Ауғаныстан", "Офицеры" әндерін, А.Нигметов және Д.Нурашев орындауында "Вновь ребят зовет дорога" т.б әндер орындалды. Мектеп оқушылар ауған ардагерлеріне сұрақ қойып, пікір алмасты.