"Наурыз береке бастауы"

"Наурыз береке бастауы"

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Атамекен ауылында Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Орталық алаңда мекемелер арасында ұлттық тағамдардан жайылған ақ дастарханнан жұртшылық дәм татты.                  Ауыл әкімі Фархат Мәлікұлы жиналған ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мерекелік шара мерекелік концерт, ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.