Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Б. Бердалин, Егіншілік департамент директоры Н.С. Хатепова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Е.Досқараев, өзге де қаржы ұйымдары, тұқым сатушылар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштарды жеткізушілер, дизель отынын жеткізуші оператор, ғылыми ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысты.
Кеңес барысында, шаруаларға 2025 жылға арналған несиелеу және субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары түсіндіріліп, алдағы жоспарлар айтылды.
Сонымен қатар, көпшілік алдында Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Шаруашылық агроорталығы» қоғамдық бірлестігі және «АлемАгро» ЖШС үш жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Кездесу соңында, вице – министр облыс шаруалары көкейінде жүрген барлық мәселелері мен ұсыныстарын талқылап, сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, Аманғали Бисенбайұлы облыста іске асырылып жатырған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Соның ішінде, Бәйтерек ауданындағы «Терра Ақжайық» ЖШС-нің бордақылау кешенімен танысып, жергілікті халықпен, тауар өндірушілермен кездесті.
Сонымен қатар, Бәйтерек ауданының «Арыстанов» ШҚ, Теректі ауданынының «КТК-888» ЖШС, «Төленгіт» ШҚ сүт-тауарлы фермасының құрылыс жұмыстарымен және «Ringo Milk» ЖШС тауарлы сүт-фермасының жұмысымен танысты.