Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу бюджет қаражаты есебінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №4-2/616 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы облыс бойынша тұқымның егу сапасына сараптаманы жүргізетін аккредиттелген зертханалар:
«Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ - Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шынғырлау аудандары.
«Орал-Жер» ЖШС - Орал қаласы, Сырым ауданы.