Дизель отынын жеткізуші операторды анықтау үшін өтінім қабылдау

Дизель отынын жеткізуші операторды анықтау үшін өтінім қабылдау

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге, басқа да қаржылық тұрақты құрылымдарға облыс шаруашылықтарына
2024 жылғы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу үшін  облысымызға бөлінген 7,9 мың тонна (ақпан – 2,0 мың тонна, наурыз – 1,2 мың тонна, сәуір – 3,0 мың тонна, мамыр – 1,8 мың тонна) дизель отынын, Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберілу бағасы 277 439 теңге/тонна немесе 228 теңге/литр дизель отынын, облысқа жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады.

Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысатынын жазбаша растауды және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2024 жылғы 25 қаңтар, сағат
09:00-ден бастап, 2024 жылғы 31 қаңтар, сағат 18:00-ге дейін
,  Орал қаласы,
Қ. Аманжолов көшесі, 75 үй, 208 кабинет, e-mail: tehnika-zko2@mail.ru, тел.: 51-18-20 мекен-жайы бойынша тапсыруы тиіс.

Қабылданған өтінімдер негізінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан дизель отынын облысқа жеткізуші операторды анықтау бойынша комиссия отырысы, ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні сағат 16:00-де облыс әкімдігінде өткізіледі (комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда әлеуетті операторларға және комиссия мүшелеріне қосымша хабарланатын болады).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың (бұдан әрі – Қағида) 17 тармағына сәйкес, арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:

- Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

- ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы, жабық конвертте;

- кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

- дизель отынының көктемгі-далалық жұмыстарға бөлінген көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

- әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

- өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

- мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға (7,9 мың тоннадан кем емес) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

- мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

1) мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

 техникалық паспорттың көшірмесі;

 цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

2) «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

- көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

- меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл  шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

- мұнай базаларының орналасу схемасы;

- тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.

Осы орайда, мұнай өңдеу зауытынан көзделген көлемді жіберу мерзімдеріне қарамастан, оператор ағымдағы жылдың 15 ақпанынан 10 маусымына дейін (бұдан әрі – сату мерзімі) арзандатылған дизель отынын сатады, ал облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сату мерзімі кезеңінде төлеп, алып кетуге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Қағиданың 24 «ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» тармағына сәйкес,  дизель отынының өткізілмеген көлемі болған кезде оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге (ЖАО-мен келісу бойынша) осы көлемдердің ауыл шаруашылығы жұмыстарының келесі түрлері бойынша өткізілуін қамтамасыз етеді:

 1) егін жинау жұмыстары;

 2) жемшөп дайындау;

 3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру.