2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отыны көлеміне өтінім беру ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады

2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отыны көлеміне өтінім беру ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы көктемгі егіс және күзгі далалық жұмыстарға жеңілдетілген дизель отыны көлемін «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығына сәйкес қалыптастырады.

Осыған байланысты 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отыны көлеміне өтінім беру ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады. Өтінім «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» (gosagro.kz) арқылы тапсырылады.

Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.