Агроөнеркәсіп кешен саласындағы жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша

Агроөнеркәсіп кешен саласындағы жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша

Агроөнеркәсіп кешен саласындағы жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысына жобаларды қаржыландыруға 6,0 млрд. теңге бөлінді.

Бюждеттік кредиттің нысаналы мақсаты - тауарлық сүт фермаларын, етті бағыттағы құс фабрикаларын, көкініс сақтау қоймаларын құру және қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы егіншілік бойынша жобаларды іске асыруға арналған.

Ағымдағы жылы қаржыландыру республикамыздағы ең импортқа тәуелді сала болып отырған сүт өндірісіне, яғни тауарлық сүт фермаларын құруға бағытталып отыр.

Бюджет қаражаты есебінен кредиттер АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру және қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.

Жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі. 2023 жылдың 4 қазан күні «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ сенім білдірілген өкіл болып анықталды.

Анықталған агент қазіргі кезде үміткерлерден құжат қабылдауды бастады. Үміткерлердің өтініштері тіркелгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде жобаларға бағалау жүргізеді. Одан кейін оң қорытынды алған жобаларды АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның қарауына шығарылады. Комиссия отырысында өтінім берушілер өз жобаларын қорғайды және нақтыланған несие қаржылары белгіленеді.

Комиссия құрамы маслихат депутаттарынан, кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестік, ғылыми-білім беру мекемелері, бұқаралық ақпарат өкілдерінен және салалық сарапшылардан тұратын облыс әкімінің шешімімен құрылды.

Комиссия отырысында аудио-бейнежазба жүргізіледі. Талқылау барысы мен комиссия қабылдаған шешім еркін нысанда хаттама түрінде рәсімделеді. Өтінім берушілер осы хаттамалық шешім негізінде қаржыландырылады.

Бюджеттік несие алушылар жобаларды, олар несиелендірілгеннен кейін 2023-2024 жылдары 12 ай ішінде іске асыруға міндетті.