Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 5,3 млрд. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде «Айналым схемасы» тетігі шеңберінде 2,8 млрд.теңге, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 2,5 млрд. теңге.
Қазіргі таңда азық-түлік қорындағы келісім-шарт тауарларының жалпы көлемі 1,77 млрд. теңгеге 10 389 тоннаны құрайды, соның ішінде:
- 2024-2025 жылдардың маусымаралық кезеңдеріне 1,6 млрд. теңгеге
10 045 тонна азық-түлік қоры мен 4 млн. дана 1 санаттағы жұмыртқа бар (картоп – 4 365 тонна, пияз – 3 486 тонна, сәбіз - 947 тонна, қырыққабат - 800 тонна, 1 сұрыпты нан – 97 тонна, 1 санаттағы жұмыртқа - 4 млн. дана, күріш – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 100 тонна, күнбағыс майы – 200 мың л.), соның ішінде: форвардтық шарттар бойынша 859 млн. теңгеге 5 403 тонна картоп және көкөніс өнімдері сатып алынған;
- тұрақтандыру қорына 145,4 млн. теңгеге 344 тонна қор сатып алынды (күріш - 96 тонна, қарақұмық жармасы - 48 тонна, күнбағыс майы - 100 мың л, қант - 100 тонна).
Жалпы 2024 жылдың маусымаралық кезеңінде көкөністердің қамтылуы картоп бойынша 101%, пияз – 481%, сәбіз – 102%, қырыққабат – 115% құрайтын болады.
Облыста өндірілетін өнімге жергілікті тауар өндірушілермен келісім-шарттар жасалған («Руслан» ШҚ – картоп, «Baystone» ЖШС, «Август» ШҚ – пияз, сәбіз, картоп және қырыққабат, «Рубцов А.А.» - сәбіз, қырыққабат, «Белес Агро» ЖШС – күнбағыс майы, «Талецкий О.В.» - 1 сұрыпты нан, «Агрофирма Акас» ЖШС – 1 санаттағы жұмыртқа, «Анвар» ЖШС – қант). Күріш бойынша «Байдалиев К.Ж.» ЖК, «Шаған Жер» ЖШС (Қызылорда облысы), қарақұмық жармасы бойынша «Grano PV» ЖШС (Павлодар облысы) және пияз бойынша «Жігер» ШҚ (Жамбыл обласы) келісім-шарттар жасалды.