"Құмай өндірісінде озық технологияларды енгізу" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар

"Құмай өндірісінде озық технологияларды енгізу" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар

Шыңғырлау ауданы, Амангелді ауылында "Құмай өндірісінде озық технологияларды енгізу" тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Аталған семинарға Шыңғырлау ауданының әкімі М.А. Өмірәлиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Қ. Қарағойшин, Францияның "Лидеа" компаниясының Құмай нарығын дамыту жөніндегі басшысы Фредрик Гедж, Қазақстан фермерлер қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Е. Е. Әбуов, ҚР АШМ мамандары және Батыс өңірінің агроқұрылымдарының басшылары қатысты.
Семинарда "Лидеа" компаниясының өнім жөніндегі аға менеджері "Bayer" компаниясының өңірлік өкілімен бірлесіп, Құмай тұқымымен бұрын салынған тәжірибелерін көрсетті.
Сондай-ақ, семинарда "Great Plains" (АҚШ) компаниясының танымал топырақ өңдеу агрегаттары және "Einboeck" австриялық серіктесінен сапалы механикалық күтім және тырманың арамшөптерімен балама химиялық күрес үшін ұсынылды. Бұл іс-шараға ғалымдар, Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларын бас қосып Қазақстан жағдайыда астық пен жемшөп Құмайларын бейімдеу бойынша тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болды.