Егін жинау науқанын өткізу және жемшөп дайындау барысы туралы

Егін жинау науқанын өткізу және  жемшөп дайындау барысы туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша (статистикалық мәліметтерге сәйкес) барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы - 613,3 мың га құрады (жоспардан 102,2%), соның ішінде дәнді дақылдар - 306 мың га (130%), майлы дақылдар – 112 мың га (69%), биыл егілген мал азықтық дақылдар алқабы - 35 мың га (өткен жылдардағы көпжылдық шөптермен қоса алғанда - 186 мың га), картоп, көкөніс-бақша дақылдары - 9 630 га (100,3%), (соның ішінде картоп – 4 240 га және көкөніс-бақша дақылдары – 5 400 га).

Бүгінгі таңда 190 мың га дәнді дақылдар орылып (62%), орташа өнімділігі 10,4 ц/га 197 мың тонна астық бастырылды. Сондай-ақ, 20,6 мың тонна көкөніс, 15,1 мың тонна бақша өнімі, 0,5 мың тонна картоп жиналды.

Егін ору жұмыстары жалғасуда.

Күздік дәнді дақылдарды егу жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 22,6 мың га (25%) егілді.

Күзгі далалық жұмыстарға және мал азығын дайындауға барлығы 18 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Жеткізуші оператор болып «Нэфтек» ЖШС анықталды.

2023-2024 жылғы мал қыстағына кіруге жоспарланып отырған 1,1 млн. шартты мал басына  2,1 млн. тонна шөп, 242 мың тонна жем, 8,5 мың тонна сүрлем, 6,6 мың тонна пішендеме дайындау жоспарланды.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 3,1 млн. га шабындық шабылды, орташа өнімділігі 3,9 ц/га 1,2 млн. тонна мал азығы әзірленді, бұл жоспардың 56,7% құрап отыр, қалдық шөппен қоса есептегенде барлығы 1,7 млн. тонна шөп даярланды, бұл жалпы қажеттіліктің 81,3%-ын құрайды.

Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Жалпы 2023-2024 жылдың мал қыстағына қажетті мал азығын толық дайындауға мүмкіндігіміз бар.